Құрметті авторлар!

2025-07-16

Құрметті авторлар!

2025 жылғы 14 шілдедегі № 1187 бұйрық негізінде «Сот төрелігі академиясының хабаршысы» ғылыми журналы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитеті ұсынған басылымдар тізбесіне енгізілді.

«Сот төрелігі академиясының хабаршысы» ғылыми журналының редакциясы журналдың келесі басылымдарында жариялау үшін 2025 жылдың 10 тамызынан бастап ғылыми мақалалардың қабылданғаны туралы хабарлайды.

Авторларды жариялауға материалдар беруге шақырамыз. Барлық мақалаларды редакциялық алқа қарайды. Мақалаларды ресімдеуге қойылатын талаптар, сондай-ақ материалдарды беру тәртібі журналдың ресми сайтында орналастырылған. Мақалалар міндетті түрде рецензиялаудан өтеді.

Құқықтық ғылымды дамытуға қызығушылық танытқан авторлармен ынтымақтастық орнатуға қуаныштымыз!