ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТЕ ПРОКУРОРДЫҢ ӨКІЛЕТТЕРІ ТУРАЛЫ
DOI:
https://doi.org/10.1063546/2ge06972Кілт сөздер:
азаматтық сот ісін жүргізу, прокурордың өкілеттігі, прокурор- лық қадағалаудың шектері, прокурордың қатысу нысандары, соттың және судь- яның тәуелсіздігі, процестің жарыспалылығы, материалдық және азаматтық іс жүргізу құқығының ара-қатынасы, диспозитивтiлікАңдатпа
Мақалада прокуратура органдарының жүйесінің даму тарихы арқылы прокурордың қадағалау функцияларын жүзеге асыруына баса назар аудара отырып, азаматтық сот ісін жүргізудегі өкілеттіктері айқындалады. Прокуратура қызметінің елдегі экономикалық және әлеуметтік жағдайлармен байланысы, қайта құру кезеңдеріне қарай Қазақстанның Ресей империясының құрамында болған уақыттан бастап, кеңестік кезең мен Тәуелсіздік жылдарындағы прокурорлық өкілеттіктерді саралауға негізделеді.
Мақалада прокурордың өкілеттіктері үш кезеңге бөлініп қарастырылған:
-
Қазақстан Ресей империясының құрамында болған кезде,
-
Кеңестік кезеңде,
-
Тәуелсіздік кезеңінде (90-шы жылдардан 2017 жылғы конституциялық реформаға дейін, 2017 және 2022 жылдардағы конституциялық реформалар аралығында, 2022 жылғы конституциялық реформадан кейін).
Тарихи көзқарас негізінде прокурорлық қадағалаудың ерекшеліктері, сондай-ақ ол биліктің саяси ерік-жігерімен айқындалғаны, соның ішінде заңнамада, оның ішінде азаматтық процестік заңында көрініс тапқаны талданады. Қазіргі заманғы заңнаманы талдау прокурордың азаматтық процессқа қатысу институтын жетілдіру қажеттілігін көрсетеді, бұл мәселе мақала соңында нақты ұсыныстар түрінде баяндалған.