ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР САЯСИ ЖҮЙЕНІЖЕТІЛДІРУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ: КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР

Авторлар

  • Алипаша КАРАЕВ
  • Асель КАЛИМБЕКОВА

DOI:

https://doi.org/10.63546/3005-2246.2024.8.4.005

Кілт сөздер:

конституция, конституциялық бақылау, жолдау, конституциялық сот, жаңғырту, референдум, сайлау, реформалар, азаматтардың құқықтары

Аңдатпа

Жоғары және жергілікті билік органдарының құқықтық мәртебесін, тежемелік және тепе-теңдік жүйесін жетілдірмей, сондай-ақ мемлекеттің саяси жүйесін демократияландыруды тереңдетуге бағытталған бірқатар жаңа заңдарды қабылдамайынша жаңа Қазақстанды құру мүмкін еместігі жайлы қоғамда айқын түсінік қалыптасқан.
Авторлар Қазақстанның саяси жүйесінде түбегейлі реформаны қажет ететін көптеген мәселелердің жинақталғанын атап өтті. Конституциялық бақылау механизмін жетілдіру жолдарының бірі ретінде Конституциялық Соттың қызметі зерделеніп, конституционализмнің қалыптасу факторлары мен демократиялық-құқықтық мемлекеттің қалыптасу бағыттары зерттеледі. Мақалада конституциялық реформаларды жүзеге асыру барысындағы сайлау заңнамасындағы өзгерістерге назар аударылады. Әртүрлі көзқарастарды зерттеу негізінде конституциялық бақылау үлгілерінің пайда болу және даму себептері талданады. Авторлар конституциялық құрылыс саласындағы проблемалардың өсуіне әкелген факторларына талдау жүргізеді. 2022 жылдан бастап жүргізілетін конституциялық реформаларға назар аудара отырып, конституциялық бақылауды дамытуға және оның отандық конституциялық заңнаманы жетілдіру саласындағы мүмкіндіктеріне назар аударылады. 

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-28

Журналдың саны

Бөлім

Конституциялық құқық